Синтаксический разбор - это разбор синтаксических единиц: словосочетаний и предложений. Синтаксистік талдау - сөйлемді, оның мүшелерін, түрлерін, құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сейлемдерді анықтау.
По количеству грамматических основ предложения делятся на простые (одна грамматическая основа) и сложные (несколько грамматических основ). Сөйлемдер грамматикалық негіздер саны бойынша екі топқа бөлінеді: жай (бір грамматикалық негіз) және құрмалас (бірнеше грамматикалық негіздер).
Например (мысалы):    Мұғалім сыныпқа кірді. (Жай сөйлем)    Мұғалім сыныпқа кірді, бірақ оқушылар тұрмады. (Құрмалас сөйлем)
Простые предложения по цели высказывания делятся на 4 вида: Жай сөйлемдер айтылу мақсатына қарай 4 топқа бөлінеді: - хабарлы (повествовательные)
- лепті (восклицательные)
- сұраулы (вопросительные)
- бұйрықты (побудительные)
Например (мысалы):    Далада жаңбыр жауады. (хабарлы)    Қандай ғажап табиғат! (лепті)    Мынау сенің қаламың ба? (сұраулы)    Иван, сабаққа барсын! (бұйрықты) Простые предложения по строению делятся на 7 групп: Жай сөйлемдер құрылысына қарай 7 топқа бөлінеді: - жалаң (тек қана бастауыш пен баяндауыштан тұратын сөйлем) - предложение состоит только из подлежащего и сказуемого.
- жайылма (тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінен тұрады) - в предложении присутствуют второстепенные члены предложения.
- жақты (бастауышы бар, кейде айтылмай тұрса да, жақ арқылы табуға болатын сөйлем) - в предложении можно определить лицо, совершившее определенное действие.
- жақсыз (бастауышы жоқ және жақ арқылы табуға болмайтын сөйлемдер) - предложение является безличным.
- толымды (сөйлемде ойға қатысты айтысуға мүшелері түгел жай сөйлемнің түрі) - в предложении есть все 5 членов предложения.
- толымсыз (айтылуға тиісті тұрлаулы я тұрлаусыз мүшенің бірі түсіп қалған жай сөйлемнің түрі) - в предложении нет хотя бы одного члена предложения.
- атаулы (ойды білдірмей, тек соған байланысты заттың құбылыстың, мезгілдің, мекеннің аты аталып көрсетілетін жай сөйлемнің ерекше түрі) - назывное предложение. В предложении присутствует только подлежащее.
Например (мысалы):    Жаңбыр жауады. (жалаң)    Далада жаңбыр жауады. (жайылма)    Ертең мен театрға барамын. (жақты)    Осы сабақты оқу керек. (жақсыз)    Кәлен бір ытқып сыртқа шықты. (толымды)    Қазақстан Еуразия құрылығында орналасқан. (толымсыз)    Алтын күз. (атаулы)
Сложные предложения бывают 3 видов: Құрмалас сөйлемдер 3 топқа бөлінеді: - Салалас (Сложносочинённое предложение)
- Сабақтас (Сложноподчинённое предложение)
- Аралас (Сложная синтаксическая конструкция)
Салалас құрмалас сөйлемдер | 1. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем да, де, та, те, және Мұғалім сыныпқа кірді де, оқушылар тұрды. | 2. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем бірақ, ал, дегенмен, әйтсе Мұғалім сыныпқа кірді, бірақ оқушылар тұрмады. | 3. Кезектес салалас құрмалас сөйлем не... не, немесе, әлде, біресе... біресе Далада біресе жаңбыр жауады, біресе қар жауады. | 4. Талғаулы салалас құрмалас сөйлем не... не, я... я Дүкенге я мен барамын, я сен барасың. | 5. Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем сондықтан, себебі, өйткені Мұғалім сыныпқа кірді, сондықтан оқушылар тұрды. | 6. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем сонша, мынау Менің айтарым сонша, ... |
Сабақтас құрмалас сөйлемдер | 1. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем (-ған, -ген, -қан, -кен) + (-да, -де, -ша, -ше, -ғалы, -гелі) Мұғалім сыныпқа кіргенде, оқушылар тұрды. | 2. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем -са, -се Мұғалім сыныпқа кірсе, оқушылар тұрады. | 3. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем (-са, -се) + (-да, -де, -та, -те) Мұғалім сыныпқа кірсе де, оқушылар тұрмады. | 4. Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем -у + үшін Балаларды үйрету үшін, Алтынсарин мектептерді ашты.. | 5. Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем (-ған, -ген, -қан, -кен) + (-дықтан, -діктен) Мұғалім сыныпқа кіргендіктен, оқушылар тұрды. | 6. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем -ып, -іп, -п; -а, -е, -й Мұғалім сыныпқа кіріп, оқушылар тұрды. |
Пример синтаксического разбора простого предложения:
Пример синтаксического разбора сложного предложения:
|