Главная » Файлы » Ответы и подсказки

Ответы на экзаменационные билеты по казахскому языку (9 класс | 2010 - 2011 гг)
28 Декабря 2012, 23:16


Ответы на 25 билетов по казахскому языку за курс 9 класса.
(Қазақ тілінде 9 сыныпта ауызша емтихан үшін 25 жауап).


Вопросы:

Билет №1
1. Мәтін құрастыру: Абай Құнанбайұлы
2. Сөйлесу: Өнер мұражайы
3. Ереже: Фонетика

  1. Абай Құнанбайұлы

  Абай Құнанбайұлы 1845 ж. 23 тамызда Семей облысы Аягөз ауданы Шыңғыстаудағы Тобықты руында туған. Әкесі - Құнанбай, Қарқаралы ауылының аға сұлтаны. Анасы - Ұлжан, әжесі - Зере әңгімешісі. Абай қазақ жазба әдебиетінің негізін салуышысы, пәлсапашы, ақын, сазгер, аудармашы болған.

  Абай - пәлсапашы, оның 45 қара сөз (ғақлия) бар;
  Абай - сазгер: "Айтым, сәлем, қаламқас", "Желсіз түнде - жарық ай", "Көзімнің қарасы" және басқа шығармалар;
  Абай - аудармашы, ол 50-ден астам Пушкиннің, Лермонтовтың, Гетенің, Крыловтың шығармаларын аударды;
  Абай - ақын. Оның өлеңдері: "Қыс", "Жаз", "Күз", "Жазғытұры", "Ғылым таппай мақтанба", "Әсемпаз болма өрнеге", "Сексен аяқ" және басқалар, 2 поэма бар: "Масғұт", "Ескендір".

  Абай Құнанбайұлы 1904 ж. 23 маусымда қайтыс болған. Астанада Абай атына даңғыл, кітапхана, ескерткіш, қонақ үй, дүкендер аталады. Мұхтар Әуезов Абай туралы "Абай жолы" роман-эпопеясы жазды.

  2. Өнер мұражайы

- Сәлем. Астанада қандай мұражайлар бар?
- Қайырлы күн. Елордада көптеген мұражайлар бар. Мысалы: Сәкен Сейфуллин атындағы мұражай, Қазақстан Республикасы тұңғыш елбасының мұражайы, Президент орталығының мұражайы және өнер мұражайы бар.
- Өнер мұражайы қайда орналасқан?
- Ол Республика даңғылында орналасқан.
- Мұражай қашан ашылды?
- 1980 ж. 2 қазанда ашылған.
- Көрме дегеніміз не?
- Көрме - өнер мерекесі.
- Мұражайда жыл сайын неше көрме ұйымдастырылады?
- Жыл сайын 50-ден астам көрме ұйымдастырылады.
- Қандай суретшілердің көрмелері жиі өткізіледі?
- Алматы қаласынан А.Қазғұлов, Тараздан М.Рахимжанов, Семейден Г.Мақарова, Көкшетаудан Н.Огнеребко сияқты суретшілердің көрмелері өткізіледі.
- Балаларды өнерге қызықтыру мақсатында қандай көрмелер өткізіледі?
- "Мен өз қаламды сүйемін", "Менің жанұям", "Жаңа елорданың тустері", "Әрқашан күн сөнбесін" және тағы басқалар.
- Саған өнер мұражайы ұнайды ма?
- Иә. Маған ұнайды.

  3. Фонетика

  Фонетика - тіл дыбыстарын зерттейді. Қазақ тілінде 25 даүыссыз, 15 даүысты дыбыс және айыру белгісі, жіңішкелік белгісі бар.

  Дауысты дыбыстар 6 топқа бөлінеді. Тілдің қатысына қарай: жуан, жіңішке, еріннің қатысына қарай: еріндік, езулік. Жақтың қатысына қарай: ашық, қысаң.

  Дауыссыз дыбыстар 3 топқа бөлінеді: қатаң (12), ұяң (7), үнді (7).

  Буынның 3 түрі бар: ашық буын - А/ВА (ата, қала); бітеу буын - ВАВ/ВАВВ (қаңт); тұйық буын - АВ/АВВ (ас, аңт).

Подробнее о фонетике и фонетическом разборе можете посмотреть здесь.

Билет №2
1. Мәтін құрастыру: Әбілхан Қастеев
2. Сөйлесу: Сәулет өнері
3. Ереже: Буын және дыбыс үндестігі

  1. Әбілхан Қастеев

  Әбілхан Қастеев 1904 ж. Алматы облысы Жаркент қаласының жанындағы Шежін ауылында туған.

  Ол - қазақтың әйгілі кескіндемешісі, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі, Қазақ ССР-ы халқының суретшісі.

  1929-1931 жж. Қастеев Н.Г.Хлюдовтың көркем студиясында оқыды. Содан кейін білім алуын 1934-1937 жылдары Мәскеу қаласында Крупская атындағы көркем студиясында жалғастырды.

  Әбілхан Қастеевтің көп еңбектерін Алматы қаласы Т.Г.Шевченко атындағы Қазақ көркем галереясынан көруге болады.

  Қастеев есімі ҚР мемлекеттік өнер мұражайына және Қазақстанның бірнеше қалаларындағы көшелерге берілген.

  Оның ең белгілі суреттері: "Түрксіб", "Жас Абай", "Жамбыл портреті", "Амангелді сарбаздары", "Менің Отаным" және басқалар.

  Әбілхан Қастеев 1973 ж. қайтыс болған.

  2. Сәулет өнері

- Сәулет өнері дегеніміз не?
- Сәулет өнері - көркем өнердің түрі. Бұл - кескіндеме, графика және мүсіннің жасауы.
- Сен қандай суретшілерді білесің?
- Мен көп суретшілерді білемін. Мысалы: Рембрандт, Репин, Суриков, Васнецов және басқалар.
- Ал Қазақстан суретшілерін білесің?
- Иә, білемін. Олар: Қастеев, Левин, Сидоркин, Буксиков.
- Қастеевтің суреттерін ата.
- Оның ең белгілі суреттері: "Түрксіб", "Жас Абай", "Жамбыл портреті", "Амангелді сарбаздары", "Менің Отаным".
- Астанада қандай бейнелеу өнерінің мұражайы бар?
- Біздің елордамызда заманауи өнер мұражайы бар.
- Ол қайда орналасқан?
- Мұражай Республика даңғылында орналасқан.
- Саған сәулет өнері ұнайды ма?
- Маған ұнайды.
- Сеніңше, қандай сурет ең белгілі?
- "Мона Лиза" Да Винчи суреті бүкіл әлемде белгілі.

  3. Буын және дыбыс үндестігі

  Буын үндестігін ғылымда сингармонизм заңы деп атайды. Қазақ тілінде сөз ішінде жуын, жіңішке дыбыстар араласып келеді. Бұндай ерекшелік төмендегідей жағдайларды:

1) басқа тілдерден енген сөздерде (кіТАП, мұғаЛІМ) кездеседі;
2) біріккен сөздер мен қос сөздерде (бойжеткен, қыз-келіншек, баспасөз) кездеседі.

  Буын үндестігінде бағынбайтын қосымшалар:
1) көмектес септік жалғауы (доппен, кітаппен);
2) нікі, дікі, тікі тәуелдікті білдіретін жұрнақтары (баланікі);
3) хана, стан, кент жұрнақтары (Пәкістан, Шымкент);
4) ов, ев, ив тектердің жалғаулыры (Сейсенбековтің).

  Дыбыс үндестігі. Ауызекі сөйлеу кезінде дыбыстар бір-бірімен үндесіп, ыңғайласа айтылады (жаібады - жаибады). Дауыссыз дыбыстар сөз ішінде ғана емес, бір-бірімен сөз арасында да үйлесіп, ыңғайласып келеді. (қарағой - қара қой, агжүн - ақ жүн).

Билет №3
1. “Қазақ композиторалы” туралы әңгіме құру.
2. Мұхтар Әуезов
3. Етістіктің өткен шақ тұріне сөйлем құрастыр.


  1. Ахмет Жұбанов – академик, профессор, өнертану ғылымының докторы, қазақтың алғашқы кәсіби композиторы. Әр жанрда жазған көптеген музыкалық шығармалардың және музыкатану ғылымында баға жетпес «Ғасырлар пернесі», «Замана бұлбұлдары» кітаптарының авторы.

  А.Жұбанов Қазақтың Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрін құрып, оның алғашқы көркемдік жетекшісі және бас дирижері болды. Ол сондай-ақ Жамбыл атындағы мемлекеттік филармонияны ашып, косерватория мен Ұлттық ғылым академиясының негізін салушылардың бірі болды.

  А.Жұбанов бірнеше күрделі музыкалық шығармалар және «Қарлығаш», «Ақ көгершін» атты әндерін, «Ария», «Көктем» сынды туындыларын, Л.Хамидимен бірігіп «Абай», «Төлеген Тоқтаров» операларын жазып қалдырды.

  Латиф Хамиди – қазақ кәсіби музыкасының негізін салушылардың бірі. Ол Б.Ғизатовпен бірлесіп тұңғыш «Домбыра үйрену мектебі» атты кітап жазды.

  Л.Хамиди – атақты «Қазақ вальсі», «Бұлбұл» әндерімен қатар, «Отан», «Аққу», «Алтын бидай», «Романс», «Алматы», «Бейбітшілік туы берік қолда», «Лаула костер», «Жайлауым – бақша жайнаған» сынды ән-романстар жазған композитор. Л.Хамиди – Қазақстандағы вальс жанрының негізін салушы.

  2. Мұхтар Әуезов қазақтың ұлы жазушысы, Қазақстан Республикасы акадкмиясының академигі, ғалым және қоғам қайраткері. Ол 1897 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, қазіргі Абай ауданындағы Қасқабұлақ деген жерде туған. Мұхтар ауыл мектебінде оқыған, содан соң Семейдегі орыс мектебінде және мұғалімдер семинариясында оқыды. Ол Орта Азия университетінде және Ленинград университетінде оқыған. Мұхтар Әуезтің “Абай жолы” эпопеясын, “Өскен өркен” романы, “Көксерек” әңгімесін жазған.

  3. Кеше ғана жаңбыр жауғанын қойды. Өткен аптада кар жауды. Менің туған күнім өтті.

Билет №4
1. “Уақыт алтыннан қымбат” туралы әңгімелеу.
2. Өзіңнің күн тәртібің туралы әңгімелеу.
3. Берілген төл сөзді төлеу сөзге айналдыр.


  1. Уақыт алтыннан қымбат. Неліктен олай айтылған? Өйткені адам уақытты сезінгенде ғана өзін-өзі қадағалап отырады. Өзіне бағыт белгілейді. Халықтың тіршілігі, мәдениеті, тарихы, сол тарихтағы өзгерістер уақыттан тыс бола алмайды.

  Адамзаттың дамуы да уақытқа байланысты. Уақыт кері жүрмейді, қаншама тарихи өзгерістердің бәріне куә - уақыт. Сондықтан біз “уақыт – алтынды” бағалай білейік.

  2. Мен сағат алтыда тұрамын. Сағат алты отыз бесте жуынамын, сағат алты қырықта тамақ ішімін.Мен сағат жетіде киінемін. Содан кеиін мектепке барамын. Сағат сегізден он төртке сабақтарға қатысамын. Сағат он беске тамақтаным. Мен сағат он бестен он жетіде сабаққа дайындаламын.Сағат он жетіден жиырма бірде қыдырамын. Мен сағат жыирма екіде ұйықтаймын.

  3. Мұғалім барлық дәптерлерді тексеріп болғаннан кейін балалар, бақылау жұмысын жақсы орындадыңдар айты.

Билет №5
1. Алматы қаласына саяхат жасау.
2. Жамбыл Жабаев туралы әңгімелеу. Өлеңін жатка айту.
3. Мына шылау сөздермен сөз тіркестерін құрастыр.


  1. Қала құрылысы арнайы жоба бойынша салынған. 1930-1935 жылдары темірбетоннан, күйген кірпіштен тұрғызылған, жер сілкінісіне төзімді материалдан салынған Байланыс үйі, “Алатау” кинотеатры,т.б. алғашқы ірі ғимараттар бой көтерді.

  1941 жылы опера және балет театры үйін салу қолға алынды. Алматыда әр ғимараттың өзіндік ерекшелігі бар.

  Қаладағы Республикалық алаң кешені, Президент резиденциясы, Ұлттық кітапхана ғимараттары, “Қазақстан”, “Анкара”, “Достық” қонақ үйлері, т.б. көптеген мәдени, ғылыми және қала тұрғындарына арнап салынған ғимараттар бой көтерді.

  Алматы республикадағы негізі туризм орталығы болып саналады.

  Алматы – Қазақстанның ірі өнеркәсіп және қаржы орталығы.

  2. Жамбыл Жабаев Жамбыл облысы, Жамбыл тауының етегінде 1846 жылы дүниеге келген. Жамбылдың алғашқы өлеңдерінің бірі – “Жылқышы” өлеңі. Жамбыл 10-11 жасында шығарған “Шағым” деген алғашқы өлеңінде шәкірттеріне білім беруден гөрі, өз құлқынын көбірек ойлайтын топас молдаларыдың сиқын суреттейді. Жамбылдың өлеңдері: “Кедей күйі”, “Зілді бұйрық”, “Өмір жыры”, “Тарас”, “Отанды сүю”, “Ленинградтық өрендерім” және т.б. Жамбыл 100-ге қараған жасында 1945 жылы 22 маусымда қайтыс болды.

Шағым
Оқымаймын молдадан,
Не оқытпақшы ол маған?
Бала келсе сабаққа
Жем дәметкен дорбадан.
Қайтіп сабақ береді,
Айтқаны ішке қонбаған?
Оқымаймын енді одан,
Домбыраны қолға алам.
Өлең кірген түсіне
Жөргегінде мен болам
Қинама, әке, қинама!
Болмас енді зорлаған.


  3. Алматы туралы, онымен қатар, сенімен бірге, сондықтан келеді, ол барды ма, ол келеді ме, тігел емес, ол түгіл оқыған жоқ.

Билет №6
1. “Кино өнері” туралы әңгімелеу.
2. “Абайдың мұражай үйі” туралы әңгімелеу.
3. Берілген сөйлемге морфологиялық талдау жаса.


  1. Кино өнері – көп өнердің бір түрі. Ол - әдебиет пен театрдың, бейнелеу өнері мен музыканың көркемдік қасиеттерін өзінің ерекшелігіне орай пайдаланатын синтезді өнер. Кино шығаруға, яғни фильмді жасауға әр алуан мамандықтың шығармашылық қызметкерлері қатысады. Олар: кинодраматург, режиссер,актер, оператор,суретші, композитор.

  Кино өнері - өзіне тән мәнерлеу амалдары, көркемдеу тәсілдері, эстетикалық заңдары мен шығармашылық дәстүрлері бар ерекше өнер.

  2. Абайдың Жидебайдағы мұражай-үйі – ақынның өмір мен шығармашылық жолынан толық мағлұмат беретін мәдени мекеме. Ол Семей қаласынан 180 шақырым жерде орналасқан.

  1945 жылы ұлы ақынның туғанына 100 жыл толу қарсаңында арнаулы мемлекеттік комиссияның шешімімен Жидейбайдағы Абай қыстауы өның мұражай-үйіне айналды.

  Ол 1970 жылы күрделі жөнедеуден өткізілді.

  1885 жылы Абай осы екі бұйымды Семейдің өлкетану мұражайына өз қолымен өткізген. Ас үйдегі мұнан өзгн тарихи мұрағаттарың бірі – суреттер. Мұражайдың термпературасы жазы, қысы бірқалыпты. Оның қабырғалары таспен қаланған.

  1926 жылы Қазақ драма театрының ұйымдасып, ашылуы елдің мәдени өмірінде аса зор оқиға болды.

Билет №7
1. “Қорықтар” тақырыбына әңгіме құру.
2. Абайдың табиғат лирикасы мәтіннің мазмұнын әңгімелеу.
3. Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса.


  1. Қазақстан Республикасың бес қорықтар бар. Ақсу-Жабағылы 1926 жылы құрылған. Ол Батыс Тянь-Шаньның солтүстігі орналасқан. Оның мақсаты: табиғи кешендерді қорғау және зертеу. Наурызым қорық 1930 жылы құрылған. Ол Қазақстан орманды даласының оңтүстігіндегі Торғай облысы орналасқан. Оның мақсаты: табиғи кешендерді қорғау және зертеу. Алматы қорық 1935 жылы құрылған. Ол Алматы облысы орналасқан. Оның мақсаты: табиғатты зеоттеу, қорғау және сақтау. Барсакелмес қорық 1939 жылы құрылған. Ол Арал теңізінің солтүстік бөлігі орналасқан. Мақсаты: ежелгі жануарлардың түрлерін сақтау және қазіргі табиғатқа бейімдеулуін зертеу. Қорғалжын қорық 1968 жылы құрылған. Ол Астана қаласынан 140 км жерде орналасқан. Мақсаты: құстар мен жануарларлардың кейбір түрлерін сақтау және табиғат өзгерістеріне бейімделуін зерттеу.

  2. Абайдың табиғат лирикасы жалаң келмей, жамыраңқы келеді. Оның пейзажы қимылға, адаммен қарым-қатынасқа, мағыналыққа толы... Абайдың пейзажы біздің қанымызға дарып, санамызға сіңіп кеткен. Көктем келсе, біз Абайдың сөгілген бұлтын, ойнаған найзағайын еске аламыз. Жаз шықса, біз Абайдың көкорай шалғынына аунағандай боламыз. Күз болса, біз Абайдың дымқыл су бүріккен тұманына шомылғандай әсерленеміз. Қыс түссе, біз қалтыраған ақ сақалды шалды көз алдымызға елестетеміз. Абайдың самалы, сағымы, желі, жаңбары, үскірігі, аязы баяғы күйінде тұрғандай сезінеміз. Оның байлығы баршамызға жетіп жататындай. Абайдың бір ұлылығы осында.

  3. Арал теңізі жылдан-жылға тартылып барады. (хабарлы, жай сөйлем, жайлана, жақты, толымсыз). Арал теңізі жолғалса, бүкіл аймақтың ауа райы нашарлайды. (шарты бағыңқылы салалас құрмалас сөйлем)

Билет №8
1. “Экология” тақырыбына әңгіме құру.
2. “Арал теңізінің мәселесі” туралы әңгіме.
3. Берліген тіркестермен қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер құрастыр.


  1. «Табиғаттағының бәрі таза» деп, жаңбырдың суына бас жуатын жалаң аяқ, жалаң бас жүгіретін балалық дәурен секілді, енді оралмайтын заман болды. Сондықтан да жаңбыр суына бас жууға бола ма? – деп жауап беруге тура келеді.

  Өйткені жаңбырдың суы дегеніміз - өзен-көлдердің бетінен ылғал топырақтан көтерілген бу ғой. Ал осы будан түзілген бұлтта тонналаған сумен бірге алуан-түрлі химиялық элементтер, олардың тұздары, шаң болады. Жаңбыр суының құрамы бұлттың қай жерде түзілгеніне, жауған жеріндегі ауаның қалай ластанғанына байланысты. Ауа мен жаңбыр суын ең алдымен сапырылысқан көлік, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық кәсіпорындары, аммиак, күкіртті көміртегі тарайды. Күкірт пен азоттың қосындылары сумен қосылғанда қышқыл түзіп, жерге «қышқыл аралас жаңбыр» болып жауады.

  2. Арал теңізінің мәселесімен айналысатын Орталық Азия елдері Елбасылары Кеңесінің атқарушы ұйымы 1993 жылы 26 наурызда Қызылорда қаласында құрылған. Кеңеске Орталық Азияның әр республикасы үкімет басшыларының орынбасарлары бастаған бес кісі және бақылаушы ретінде Ресей Федерациясының өкілдері енді. Кеңесті әр жылда аталған елдер кезекпен басқаратын болып шешелді. Алғашқы кезек Өзбекстанға берілді. Кеңес өз жұмысын Халықаралық Арал қорымен және Дүниежүзілік банкпен бірлесе отырып жүргізеді.

  3. Сөйлемдер:
  1) Адам табиғатты қорғаса да, әлі экологиялық мәселер көп.
  2) Орманды дала болсада да, мен сондай жерлерге әлі барған жоқпым.
  3) Жануарлар мен құстар болғандықпен, олардың саны азайып бара жатыр.
  4) Үкімет басшылары бірлесіп жұмысқа кірсе де, әлі мәселер өте көп.
  5) Бақылаушы ретінде жұмыс істесе де, оған алда әлі қиын болады.

Билет №9
1. “Шешен билер” тақырыбына әңгіме құру.
2. Шешендік өнер туралы әңгімелеу.
3. Берілген сөйлемдерді шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем түрінде аяқта.


  1. Қазақ шешендік өнері дамуының екінші кезеңі XVII-XVIII ғасырларда өмір сүрген шешен билер – Төле, Қазыбек, Әйтеке есімдерімен байланысты. Төле би – ақылды, әділ, шешен және халық қамын ойлаған қайраткер.

  2. Шешендік өнердің тууы, қалыптасуы жалпы тіл өнерінің шығуымен, адам қоғамының пайда болуымен байланысты. Шешендік өнер туралы ғылымды халықаралық тілде риторика дейді. Шешендік өнер халықтық-демократиялық қорғамда ақыл-ойға, сөзге еркіндік бар жерде дамиды. Ресейдегі шешендік өнердің негізін салған атақты орыс ғалымы М.В. Ломоносов болды. Ол бірінші болып орыс тілінде “Коаткое руководство по красноречию” деген еңбек жазды. Қазақ шешендік өнердің шығу, қалыптасу, даму тарихы, оның көрнекті өкілдері – шешен билер мен батырлардың шығармашылық өмірбаяндары жазылды. Қазақ шешендік сөздерінің бастауы – мақалдар мен мәтелдер.

  3. Сөйлемдер:
  1) Шешендік сөздеодің түрлерін алсақ, толғау, дау жатады.
  2) Шешендік өнер туралы білсек, кейін бізге қажет болады.
  3) Қазақ шешендік өнерің ерекшеліктеріне қарасақ, оның бірнете ереншеліктері бар.

Билет №10
1. “Шокан Уәлиханов” тақырыбына әңгіме құру.
2. Ыбырай Алтынсарин туралы әңгімелеу.
3. Берліген жай сөйлемдерден сабақтас құрмалас сөйлемдер жаса.


  1. Шоқан Уәлиханов 1835 жылы қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде дүниеге келген. Шоқанның зерттеушілік қабілеті оқып жүргенде оянған. Шоқан қазақ тарихын зерттеуге ерекше ден қойды. Ол XV ғасырда қазақ халқының ұйытқысы болған Үйсін,Қаңлы, Қыпшақ, Керей, Найман руларын жан-жақты зерттеді. Шоқанның тамаша еңбектерінің бірі – “Алты шаһардың жайы туралы” деген шығармасы. 1864 жылы наурыз айында Шоқан генерал Черняевтің шақыруымен Әулиеатаға келеді. Содан Верный қаласына, кейінірек Тезек төренің ауылына бпрып тоқтайды. Сонда үйленіп, тұрып қалады. Сөйтіп жүргенде, ескі өкпе ауруы қайта қозып, Шоқан 1865 жылдың сәуір айында қайтыс болады. Оның сұйегі Алтын Емел тауының бауырындағы Көшен-Тоған деген жерге қойылады.

  2. Ыбырай Алтынсарин ағартушы, педагог, жазушы, этнограф, фольклорист, қоғам қайраткері. Ол 1850 жылы Орынбор қаласындағы жеті жылдық мектепке оқуға кірген, 1857-1859 жылдары атасы Балқожа бидің хатшысы болған. Ол 1864 жылы қазақ мектебін және қазақ қыздары үшін мектеп ашқан.

  3. Сөйлемдер:
  1) Ыбырайдың өз әкесі Алтынсары ерте қайтыс болдыса, атысы Балқожа бидің тәрбиесінде өсті.
  2) Ыбырай Орынборда жетіжылдық мектепті бітірден сон атасы Балқожа бидің хатшысы болды.

Билет №11
1. “Тұңғыш ғалымдар” тақырыбына әңгіме құру.
2. Ахмет Байтұрсынұлы туралы әңгімелеу.
3. Берліген сөйлемге морфологиялық талдау жаса.


  1. Шоқан Уәлиханов 1835 жылы қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде дүниеге келген. Шоқанның зерттеушілік қабілеті оқып жүргенде оянған. Шоқан қазақ тарихын зерттеуге ерекше ден қойды. Ол XV ғасырда қазақ халқының ұйытқысы болған Үйсін,Қаңлы, Қыпшақ, Керей, Найман руларын жан-жақты зерттеді. Шоқанның тамаша еңбектерінің бірі – “Алты шаһардың жайы туралы” деген шығармасы. 1864 жылы наурыз айында Шоқан генерал Черняевтің шақыруымен Әулиеатаға келеді. Содан Верный қаласына, кейінірек Тезек төренің ауылына бпрып тоқтайды. Сонда үйленіп, тұрып қалады. Сөйтіп жүргенде, ескі өкпе ауруы қайта қозып, Шоқан 1865 жылдың сәуір айында қайтыс болады. Оның сұйегі Алтын Емел тауының бауырындағы Көшен-Тоған деген жерге қойылады.

  2. Көрнекті тілші ғалым, әдебиет зерттеушісі, дарынды аудармашы, ағартушы және оқу құралдарының авторы Ахмат Байтұрсынұлы қазіргі Торғай облысындағы Сартүбек деген жерде туған. әкесі оны торғайдағы орыс-қазақ мектебіне оқуға береді. 1891 жылы мектепті бітірген соң, Орынборға келеді. Мұнда мұғалімдер даярлайтын мектепке оқуға түседі. Оқуды бітірген соң Ақтөбе, Қостанай және Қарқаралыда балаларға сабақ береді. әдебиетпен айналысады, өлең-жырлар жазады. Байтұрсынұлы 1913 жылы Орынборда “Қазақ” газетін шығарады.

  3.Шоқан(зат есім) – шын(сын есім) мәнінде(зат есім) ғылым(зат есім) үшін(жалғаулық) туған(етістік) адам(зат есім).

Билет №12
1. “Қазақтың музыкалық аспаптары” тақырыбына әңгіме құру.
2. Дина Нұрпейісава туралы әңгімелеу.
3. Берліген сөйлемге синтаксистік талдау жаса.


  1. ішекті: домбыра, қобыз, жетіген; үрмелі: сыбызғы, сазсырнай; дабылды-шулы: дабыл, асатаяқ, дауылпаз; сарнамалы: ауызсырнай, сырнай.

  Шаңқобыз – Қазақтың көне музыкалық аспабы. Ол темірден жасалады. Сым темірдің арасына бекітілген тілі саусақпен шалып тартылады. ХІХ ғасырда шаңқобызды музықалық аспап ретінде көбіне әйелдер ойнаған. Шаңқобыз халық апаптар оркестрінде, ансамбльдерде қолданылады әрі жеке де ойналады. Домбыра – қазақ халқының ең кең тараған ішекті музыкалық аспабы. Ол – қазақ халқының өмірінде маңызды орын алатын аспап. Ол - өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Домбыра, негізінен, екі ішекті, кейде уш ішекті болып келеді. Домбыра – халықтық кәсіби өнердің туып, қалыптасуына, өркендеуіне негіз болған аспап.

  2. Аса дарынды күйші Дина Нұрпейісова жеті-сегіз жасынан бастап қолына домбыра ұстайды. Төғыз жасында Құрманғазыны көреді. Оның күйлерін үйренеді. 1888 жылы Құрманғазы Динаны соңғы рет көргенде, оған домбырасын сыйлап, күйлерін кейінгі ұрпаққа жеткізуді аманат етеді. Халықтың күйші - композиторы Дина көптеген күйлер шығарды. Оның ішінде “Той бастар”, “Әсемқоныр”, “Бұлбұл”, “Ана бұйрығы” атты күйлері бар.

  3. Шаңқобыз халық апаптар оркестрінде, ансамбльдерде қолданылады әрі жеке де ойналады.

Билет №13
1. “Берлігі күйшілер” тақырыбына әңгіме құру.
2. Нұрғиса Тілендиев туралы әңгімелеу.
3. Берліген жай сөйлемдерден құрмалас сөйлемдер жаса.


  1. Мен Дәулеткерей Шығайұлы, Сүгір Әлиұлы, Дина Нұрпейісова, Нұрғиса Тілендиев білемің. Дәулеткерей Шығайұлы – күйші, композитор, қазақ күй өнеріндегі лирикалықұ бағыттың негізін салушы. Ол “Ысқырма”, “Қос алқа”, “Қыз Ақжелен”, “Қаражан ханым” енбектер жазған. Сүгір Әлиұлы – Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында дүниеге келген күйші. Ол “Бес жорға”, “Шалқыма”, “Аққу” тағы басқа күйлер шығарған. Дина Нұрпейісова – аса дарынды күіші болған. Оның ішінде “Той бастар”, “Әсемқоныр”, “Бұлбұл”, “Ана бұйрығы” атты күйлері бар. Нұрғиса Тілендиев - қазақ композиторы, дирежер, домбырашы, Қазақстаның халық артисті, Халық қаһарманы. Ол – төрт жүзге тарта ән мен романстардың, “Достық жолымен” балетінің, “Алтын таулар” операсының, “Ата толғауы” поэмасының, т.б. көптеген шығармалардың авторы.

  2. Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев Алматы облысы Іле ауданы Шілікемер деген жерінде дүниеге келген. Ол – қазақ композиторы, дирежер, домбырашы, Қазақстаның халық артисті, Халық қаһарманы. Тілендиев Чайковский атындағы Мәскеу консервоториясының дирижерлік факультетін бітірген. 1953-1961 жылдары Қазақстанның опера және балет театрында істеді. “Қазақфильм” киностудиясы музыкалық редакциясының бас редакторы болды. Ол – төрт жүзге тарта ән мен романстардың, “Достық жолымен” балетінің, “Алтын таулар” операсының, “Ата толғауы” поэмасының, т.б. көптеген шығармалардың авторы.

  3. Сөйлемдер:
  1) Сүгір Әлиұлы – Оңтүстік Қазахстан облысының Созақ ауданында дүниеге келген күйші, және он бес жасында бастап домбыпада күй ойнай бастаған.
  2) Атақты күйші Тәттімбет, Тоқа, Саймақ және Қорықыттың қобыз күйлерін қобызда ойнаған, екі аспапты бірдей меңгерген.

Билет №14
1. “Ұлттық мұражайда” тақырыбына әңгіме құру.
2. Қазақ халқының ерте кездегі кәсптері туралы әңгімелеу.
3. Тұрақты тіркестерді аударып, оламен сөйлем құрастыр.


  1. Алматыда 10 мұражай бар. Оның бірі ұлттық мұражай. Ол Сатпаев көшесінде орналасқан. Мұражайда 4 бөлім бар. Төменгі қабатта қазақстанның тас дәуіренен бастап дамуы көрсетілген. Тастан, темірден жасалған алғашқы шауашылық заттары бар. Бірінші қабатта киіз үй, қолөнер заттары қойылған. Екінші қабатта Ұлы Отан соғысы кезіндегі қару жарақтар қойылған. Батыр қыздарымыз Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова туралы мәліметтер бар. Содан кейінгі бөлім біздің ұлы адамдарға арналған. Сол бөлімде біздің президентіміз Назарбаевқа берілген заттар бар. Бұл мұражайда тарихи және ғылыми жұмыстар жүргізіледі.

  2. Қазақ халқы бұрын негізінен мал өсірумен айналысты. Төрт түлік малдың ішінде қой, жылқы, түйе көбірек өсірілді. Қазақ халқының күнделікті тұрмысында қойдың маңызы зор болды. Қойдың сүтінен құрт, сүзбе, айран, май басқа да тағамдар әзірледі. Ал жүнінен киім-кешек, түрлі ыдыстар дайындалады. Жылқы да өте пайдалы мал болды. Ол әрі көлік, әрі тамақ ретінде пайдаланылды. Оның етінен неше түрлі тағамдар әзірленіп, сүтінен аса бағалы сусын – қымыз ашатылды. Жүнінен киім-кешек және тағы басқа бұйымдар жасалады. Қазақ халқы егін егумен де шұғылданған. Көбіне тары, бидай, арпа, жүгері екті. Қазақтар аң, балық аулаумен де айналысқан.

  3. бөркін аспанға лақтыру – сильно радоваться
бөрікпен ұрып алу – легко победить, Легко отделаться
тон жамылу - действовать тайно
тонын айналдырып кию – прикинуться порядочным человеком.
1) Мен ағама қонаққа барғам кезде, ағам бізді көрсе алып бөркін аспанға лақтырды.
2) Әрбір жағдайда адамдар алдайды және бөрікпен ұрып алады.
3) Әр түрлі адамдар ақырын, іш кімге білдіртпей тон жамылып жұмыстарын істейді.

Билет №15
1. “Ұлттық киім” тақырыбына әңгіме құру.
2. “Қолөнер” мәтінінің мазмұнын айту.
3. Берілген сызбалар негізінде талғаулы салалас құрмалас сөйлемдер құрастыр.


  1. Ұлттық киімдер ішкі киімдер, сыртқы киімдер, ерлердің бас киімдер, әйелдердің бас киімдер, аяқ киімдері болады. Ішкі киімдерге жейде, көйлек, дамбал, шалбар, бешпент, қамзол, желет бар. Сыртқы киімдер: шапан, сырмалы шапан, тон, ішік, шидем. Ерлердің бас киімдер:бөрік, тымақ, малақай, қалпақ, тақия. Әйелдердің бас киімдер: кимешек, жаулық, бөрік, сәукеле, тақия. Аяқ киімдер: мәсі, кебес, әйел етігі, ерлер етігі.

  2. Қазақтардың тұрмысында қолөнер ерекше орын алған. әйелдер киіз басып, кілем, ши тоқып, киім тіккен. Еркектер киіз үцдің қаңқасын, жиһаздарын, қару-жарақтар жасаған. Киіз үй жасайтын шеберлер өте көп болды. Олар кереге, уық, шаңырақ, есік, домбыра, ыдыс-аяқ, әр түрлі құрал-жабдықтар, басқа да бұйымдар жасаған. Зергерлер күміс пен алтыннан әшекей бұйымдар соқты. әйелдер қой жүнінен кілем, мата тоқыды, киіз басты.

  3. Бүгін балабақшадан інілді немесе мен аламын, немесе әкесі алады, немесе інімен алады.
Мен бірде дүкенге барамын, бірде сіңілім барады.
Бүгін мен не кинотеатрға барамын, не саябаққа барамын.

Билет №16
1. “Отбасы мүшелерінің мінездері” тақырыбына әңгіме құру.
2. “Жеті қазына мен жеті ырыс” мәтінінің мазмұнын айту.
3. Тұрақты тіркестерді аударып, сөйлемдер құрастыр.


  1. Менің отбасы мүшелерінің мінездері өте әр түрлі. Менің әкемнің мінезі тойған қозыдай. Менін шешемің мінезі құлан таза. Менің тәтемнің мінезі қой аузынан шөп алмас және мен жылқы мінезі бар. Біздің отбасымыз айран ұйығандай.

  2. Жеті қазына – қазақтың дәстүрлі дүниетанымындағы философиялық түсініктердің бірі. Қазақ халқы жеті қазынаны ер жігіттің өмірімен байланыстырып, оның ұғымына мыналарды жатқызады: 1) жүйрік ат; 2) қыран бүркіт; 3) құмай тазы; 4) берен мылтық; 5) қанды ауыз қақпан; 6) майланғыш ау; 7) өткір кездік. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымындаға философиялық түсініктердің екіншісі – жеті ырыс. “Жеті ырысқа” мыналарды жатқызады: 1) адамның ақылы, ой-санасы; 2) денсаулық; 3) ақ жаулық; 4) бала; 5) көңіл; 6) жер; 7) ит.

  3. Тойған қозыдай – вежливый, учтивый
Құлан таза – честный, справедливый
Айрандай ұйыған – заквашенно, как кефир.
1) Менің әкемнің мінезі тойған қозыдай.
2) Менің тәтемнің мінезі құлан таза.
3) Біздің отбасымыз айран ұйығандай.

Билет №17
1. “Қазақ халқының салт-дәстүрлері” тақырыбына әңгіме құру.
2. “Ата-ана” мәтінінің мазмұнын айту.
3. Көп нүктенің орнына мамандықты білдіретін зат есім тауып жаз.


  1. Шілдехана – жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын той. Дастарқан жайылып, жастар домбыра тартып, ән салып, ұлттық ойындар ойналады. Шілдехана думанды болса, сәби сергек, қызықты өмір сүреді деген сенім бар. Қырқынан шығару – нәрестенің туған күніне қырық күн толған соң, ыдысқа қырық бір қасық су құйып, соған шомылдырады. Сәбидің қарын шашын, тырнағын алады. Ит жейдесін шешіп алып, сақтап қояды. Мерекелік дастарқан жайылады. Бесікке салу. Халқымызда бесік – қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. Бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бұл – халқымыздың елеулі үлкен дәстүрі. Бесікке салу жолы жасы үлкен немесе елдің құрметті, өнегелі адамына жүктеледі. Мерекелік дастарқан жайылып, бесікке салған адамға кәде беріледі. Тұсау кесу – сәби қаз тұра бастағанда, тез жүріп кетсін деп, ала жіп есіп, екі аяғын тұсап, сүрінбей жүретін адамға тұсауын кестіріп, баланы қолынан ұстап, тез-тез жүгіртеді. Оған қуанысып, шашу шашылып, дастарқан жасалып, “тұсаукесер” кәдесі беріледі.

  2. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-анаерекше құрметтелген. Олардың тікелей үрім-бұтақтары ата-аналарын қартайғанда қамқорлыққа алуға міндетті болған. Ата-ана балаларының тәлім-тәрбиесіне қаншалықты жауапты болса, балаларда кейін әке-шешелері қартайған шағында қамқорлық жасауға міндетті.

  3. әкем – көсіппер
анам – бухгалтер
ағам – жүргізушы
әпкем – студент
қарандасым – оқушы
әжем – зейнеткер
атам - зейнеткер

Билет №18
1. “Болашақтағы қала” тақырыбына әңгіме құру.
2. Астана туралы әңгімелеу.
3. Берілген сөз тіркестерін аударып, сөйлем құрастыр.


  1.Менің сүйікті қалам Алматы. Болашақта Алматы қаласы гүлденіп және үлкейіп жатады. Ол таудың етегінде орналасады. Болашақ бұл қалада ғимараттардың ұрындығы үлкен болады және бәрілері қатарынан тұрады. Ол орталарында орналасады. Демалыс орындары әдемі және қоуық болады. Қоршаған орталы сауықтыру мәселесіп ғалымдар, әкологтар және т.б. адамдар.

  2. Астана – бұрынғы Ақмола қаласы. Ақмола 1830 жылдан Ресей империясының әскери бекініс болған. Ақмола бекінісі Есіл өзеніндегі Қараөткел шатқалында салынған. 1862 ж. Ақмола елді мекені қала статусын алды. 1939 ж. Ақмолада алғашқы темір жолы іске қосылды, ал Екінші дүние жүзілік соғыс жылдары Ақмола маңызды рол атқарды. Қаланың нағыз гүлдену кезені 1954 жылдан тын жерлерді игеру кезден басталды. 1961 ж. Ақмола аты қайтарылып берілді. 1997 ж. Ақмола Қазақстан Республикасының жаңа астанасы болып өзгертілді. Қазір Астана күннен күнге гүлденіп, көркейік келеді. Астанада үлкен құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.

  3. Тайпалар мекендеген – жили племена
ерте заманда – в древние времена
еңбек құралдары – орудие труда
әшекей бұйымдар – ювелирные изделия
ежелден қазақ жерінде өмір сүрді – жили на казахской земле
қазба жұмысын жүргізу – проводят раскопки
біздің тарихи ғалымдарымыз – наши ученые истории
1) Бұрын Қазақстанның жерінде әр түрлі тайпалар мекендеген.
2) Ерте заманда бұл тайпалар әр түрлі өздеріне керек еңбек құралдарды жасаған және де әшекей бұйымдар жасаған.
3) Біздің тарихшы ғалымдарымыз қазба жұмыстарды жүргізеді. Олар ежелден қазақ жерінде өмір сүрген тайпалардың қалай тұрғанның зерттейді.

Билет №19
1. “Ежелгі қалалар” тақырыбына әңгіме құру.
2. Түркістан қаласы туралы әңгімелеу.
3. Берліген жай сөйлемдерден жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлем құрастырып, синтаксистік талдау жаса.


  1. Қазақ жерінде ежелгі қалалар көп. Шағын елді мекендерде тұрған халықтың саны көбейіп, қалаларға айналған. Қалалардың көбі өзендердің жағасына, ауа райы жылы жерлерге салынған. Ең алғашкы қалалар осыдан екі жарым мың жылдай бұрын пайда бола бастаған. Біздің тарихшы ғалыидарымыз бен қазба жұмысын жүргізетін археологтеріміз ашып берді.

  2. қазақ жеріндегі ежелгі қалалардың бірі – Түркістан қаласы. Түркістан қаласы – қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысындағы, Түркістан ауданының орталығы, Шымкент қаласының 225 шақырам жерде. Бұл қаланың орнында IV-X ғасырларда Шабғар деген үлкен қала болған. IX-X ғасырларда бұл қала ерекше гүлденіп, Йаса деп аталады. XV ғасырдан бастап Түркістан деп аталды. Бұл қалада осы уақытқа дейін жақсы сақталған Ахмет Йасауи кесеней бар.

  3. Ежелгі қалалардың бірі – Отырар. Ол YI-YIII ғасырларда Сырдария өзенінің орта тұсындағы ірі мемлекеттің астанасы болған.

Билет №20
1. "Тарихи қайраткерлер” тақырыбына әңгіме құру.
2. Қаз дауысты Қазыбек би туралы әңгімелеу.
3. Сөйлемдерден септік жалғауы бар сөздерді тауып, қай септікте тұрғанын анықта.


  1. Әйтеке Байбекұлы – артына аталады сөз қаладырған шешен билердің бірі. Қазақ халқының басын біріктіріп, бір орталықтан басқарған және туысқан қарақалпақ, қырғыз қырғыз халықтарымен одақ құрып, жонғар қалмақтарына қарсы бірыңғай халық майданын ашқан, Тәуке ханның кеңесші, көмекшілерінің бірі болған. Сонымен, Әйтеке би – шешендігімен бірге кезінде ел басқарған, заң жобасын жасасқан, феодалдық қақақ мемлекетін құруға ат салысып, үлкен үлес қосқан қоғам қайраткері.

  2. Қазыбек би (1667-1764) – Орта жүздің "Төбе биі” атанған, шешендік сөздің майталманы, Тәуке ханның тұсында "Жеті Жарғы” әдет-ғұрып заң жинағын жасаушылардың бірі, еліміздің тарихынан мәңгілік орын алған ірі тұлға. Қаз дауысты Қазыбек би – ең алдымен, асқан шешен, ақын; екіншіден, ел басқарған, дау-жанжалды әділ шешкен әділқазы; үшіншіден, ол – халықаралық дәрежедегі елші-дипломат, қоғам қайраткері. Қазыбек би 1667 жылы туып, шашамен 1764 жылы 97 жасында дүние салса керек. Қаз дауысты Қазыбек би бабамыздың денесі Түркістандағы Қожа Ахмет Йасауи кесенесіне жерленген.

  3. Әйтеке би(А.с) қазақ халқының(І.с) басын біріктіріп, бір орталықтан(Ш.с) басқарған және туысқан қарақалпақ(А.с), қырғыз халықтарымен(К.с) одақ құрып, жонғар қалмақтарына қарсы бірыңғай халық майданын ашқан, Тәуке ханның(І.с) кеңесші, көмекшілерінің(І.с) бірі болған.

Билет №21
1. “Қазақ хандары” тақырыбына әңгіме құру.
2. Төле би туралы әңгімелеу.
3. Берліген екі бағанадағы сөздерден сөз тіркестерін құрастырып, аудар.


  1. Қазақ хандығында ең жоғары билеуші хан болды. Қолбасшылық та, сот билігі де, шетелдермен қарым-қатынас жасау да, соғыс ашу немесе бітім жасау да соның қолында болды. Ханның жанынндағы кеңесшілері ірі сұлтандар мен тайпа көсемдерінен құралды. Ханнан кейінгі билік сұлтандарда болды. Шыңғысханнан тарайтын ер адамдар сұлтандар деп аталды. Сұлтандардан кейінгі беделді адамдар билер еді. Олар тайпаларды басқарды. Батып деге атақ тек сұлтандар қауымындағы беделді адам екенін білдіреді. Батыр атағы босқа берілмейді. Ол үшін әрбір батыр өзін шайқастарда көрсетуі тиіс. Қазақ хандары, сұлтандары, билері арасында батыр атанғандар көп болған.

  2. Төле би шамамен 1663 жылы Жамбыл облысы, Шу өзені, Жайсаң жайлауында дүниеге келіп, 1756 жылы қазіргі Шымкент облысы Ленгер ауданы Ақбұрхан деген жерде тоқсан жасында дүние салған. Төле бидің әкесі Әлібек те билік айтып, әділдігімен аты шыққан адам болыпты. Төле би оқыған, сауатты, жастайынан халқының ақындық, шешендік өнерінен тәлім алған. Ол 15-20 жасынан-ақ билікке араласып, әділдігімен, шешендігімен көзге түсіп, елге танылған. Төле бидің ел-жұрт, ағайын-туыс, алысжақынға қадір-қасиеті хан,сұлтандардан да жоғары болған.

  3. ұлысты басқарған
тағына саланатын болған
билер соттай алмайтын еді
құқықты пайдаланған
билік сұлтандарда болған
ханнан тараған

Билет №22
1. «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» тақырыбына әңгіме құру.
2. Отан туралы 10 мақал - мәтел айт.
3. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемнің да, де, та, те, және, әрі жалпы сөйлем құрастыр.


  1. Қазақстан аумағында тұрып жатқан барлық диаспоралар тіліне мемлекет тарапынын көмек көрсетілуде. Ана тілі мен мәдениетін дамыту мақсатында елімізде ана тілін оқытудың жексенбілік мектептер жүйесі құрылған. 1999/2000 оқу жылында жексенбілік мектептерде 14 тіл ана тілі ретінде оқытылды, олар – корей, еврей, татар, неміс т.б. Жексенбілік мектептерге аранап үлгі – ереже әзірлеген. Елімізде диастораналар тілінде 11 газет шығарылады, 12 тілде телехабарлар жүргізіледі. Жексенбілік мектептерге мүмкіндігінше одан әрі қолдау көрсеу қажет, соның ішінде кітап және оқу-әдістемелік қорын құруға көмек беру керек.

  2. Ер елінде, гүл жерінде.
Ит тойған жеріне, ер тұған жеріне.
Кісі елінде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан бол.
Тұған жердің күні де ыстық.
Елінен безген ер оңбас, көлінен безген қаз оңбас.
Отан – оттан да ыстық.
Отансыз адам, ормансыз бұлбұл.
Туған жердей жер болмаз, туған елдей ел болмас.

  3. Жаңбыр жауды, және дала сұық болды.
Отаныңды сүйебілсен – атақ та, жұмыс та, және де құрмет те болады.
Мен үйді күнде жинаймын және де шешеме көмектесемін.
Ауа райы салқындады және аспап бұлттанын тұр.

Билет №23
1. «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбына әңгіме құру.
2. «Қазақстан жалауы», «Қазақстан әнұраны», «Елтаңбасы елімнің» өлеңін айту.
3. Сызба бойынша «Қазақстан рәміздері» тақырыбына 4 сөлем құрастыру.


  1. “Отан” деген сөзді күн сайын естіміз. Отан дегеніміз адамның туып-өскен жері. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан Республикасы. Адамның жақсы, бақытты өмір сүруі көп жағдайда Отанға деген сүйіспеншілігіне байланысты. Отаңды сүйе білсең – атақ та, жұмыс та, құрмет те болады.

  2. “Елтаңбасы елімнің”
Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбет, әдемі!
Тұнығындай көңілдің.
Ортада аспан әлемі.
Құт, береке – таңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ
Екі жақтан көмкерген
Тәуелсіздік жолында
Талай – талай тер тамған...
Билігі - өз қолында,
Еркіндігім – Елтаңбам.

“Қазақстан әнұраны”
Алтын күн аспаны
Алтын дән даласы
Ерліктің дастаны
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген
Даңқымыз шықты ғой
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менін елім,
Гүлің болып егелемін.
Жырын болып төгелемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтак жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты
Біздің ел осындай!

“Қазақстан жалауы”
Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы,
Көк емес ол тектен – тек
Елдің ашық қабағы
Ақ ниеті - алтын күн
Асқақ арман қыраны
Жалауы бұл - халқымның
Мәртебесі, Туы, Ары
Бұлт баспасын күнімді
Тарылмасын өрісім
Биік ұстау туымды
Қасиетті борышым.


  3. 1)Қазақстан рәмезднрі: елтанба, ту, әнұран бірақ әнұран маған ұнамайды. (салалас құрмалас сөйлем)
2) ҚР мемлекеттік әнүраның сөздері мен ән-күйі тамаша, алайда ол оны жаттап алмайды. (салалас құрмалас сөйлем)
3) Қазақстан Республикасыының мемлекеттік рәміздері: елтанба, ту, әнұран, олар маған өте ұнайды. (жалғаулысыс құрмалас сөйлем)
4) Қазақстан Республикасыының мемлекеттік туы өте әдемі дегенімен мен өны сұретке сала алмаймын. (салалас құрмалас сөйлем)

Билет №24
1. «Әйгілі ғалымдар» тақырыбына әңгіме құру.
2. Айдаров Ғұбайдолла туралы әңгімелеу.
3. Мына сөйлемге синтаксистік талдау жаса.


  1. Василий Васильевич Радлов (1837-1918) – “Түрік әдебиет нұсқасы”, “Түркі тілі грамматикасы”, “Түрік тайпалы халықтардың әдебиет үлгілері”, “Түрік тілің сөздігін”. Василий Владимирович Бортольд (1869-1930) – “Жетісу тарихының шежіресі”. Нығмен Тінәліұлы Сауранбаев (1910-1958) - “Қазақ әдеби тілінің дамуындағы Абайдың рөлі”, “Қазақ тілінің жасалуы туралы”, “Қазіргі қазақтіліндегі диалектілер”, “Қазақ әдеби тілінің тарихын зерттеу туралы”. Ғұбайдола Айдаров (1921ж. туған) - 250 ден астам ғылыми – зертттеу еңбектері, оның ішінде 10 монография мен жоғары оқу орындарының студенттеріне арналғаноқулықтар жазған.

  2. Ғұбайдаша Айдаров - ғалым, профессор, филология ғылымының докторы, 250 ден астам ғылыми – зертттеу еңбектері, оның ішінде 10 монография мен жоғары оқу орындарының студенттеріне арналғаноқулықтар жазған. Оның еңбектері негізінен түркі жазба ескерткіштерін зерттеуге арналған. Ол көне түркі ескерткіштерінің мәтіндерін жан – жақты талдаған, ескерткіштер тілінің қазіргі қазақ тіліне жақындығын зерттеп, дәлелдеген.

  3. В.В. Радлов 1872 – 1883 жылдары Қазанда тұрып, қазақтарға, татарлар мен башқұрттарға еуропаша білім алуға көмектеседі.

Билет №25
1. “Қазақ тілін зерттеген ғалымдар” тақырыбына әңгіме құру.
2. Сауранбаев Нығымет Тінәліұдлы туралы әңгіме құру.
3. Берліген мәтінді пайдалана отырып, сөйлемдерді аяқта.


  1. Василий Васильевич Радлов (1837-1918) - әйгілі, түрколог, Шығысты зерттеуші ғалым. Василий Владимирович Бортольд (1869-1930) – академик, шығыстану ғылымының аса көрнекті өкілі, әйгілі тарихшы. Нығмен Тінәліұлы Сауранбаев (1910-1958) - қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі, түрколог, филология ғылымның докторы, профессор. Ғұбайдола Айдаров (1921ж. туған) – ғалым, филология ғылымның докторы.

  2. Н.Т. Сауранбаев – қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі, түрколог, филология ғылымның докторы, профессор. 1932 жылдан бастап ол жоғары оқу орындарында сабақ берді, оқулықтар жазды, студенттер мен аспиранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік етті. Ол "Қазақ әдеби тілінің дамуындағы Абайдың рөлі”, "Қазақ тілінің жасалуы туралы”, "Қазіргі қазақтіліндегі диалектілер”, "Қазақ әдеби тілінің тарихын зерттеу туралы” еңбектер жазды. Оның мәдениет, тарих пен әдебиетке байланысты мақалалары бары.

  3. 1)В.В. Бартольд – Шығыстану ғылымының аса көрнекті өкілі, ол Орталық Азия мен Орта Азия тарихын зерттеп, аса құнды еңбектер жазған.
2)Ол "Жетісу тарихының шежіресі” еңбегін жазып, онда қазақ, тәжік,қырғыз, түркмен, өзбек халықтары туралы көп фактілер, оқиғалар берілген.
3)Оның ішінде Орта Азия халықтарының мәдениеті мен тарихын зерттеп, оның Түрік-Монгол көне елдері мен тайпаларының тарихын зерттеген.

Категория: Ответы и подсказки | Добавил: Admin | Теги: Астана, государственный, қазақша, ответы, жауаптар, РК, қазақ тілінде, Экзамен, Алматы, Казахский язык
Просмотров: 62705 | Загрузок: 0 | Комментарии: 4 | Рейтинг: 3.1/16
Всего комментариев: 2
0  
2 николай   (24 Мая 2014 23:59) [Материал]
за 2014 плииизз заранее спасибо!

0  
1 имя указано неправельно   (21 Октября 2013 20:25) [Материал]
:-)спасибо

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Профиль
Пятница
29 Марта 2024
06:26


Статистика