Главная » Файлы » Сочинения |
«Ботагөз» | шығарма
[ (42.0 Kb) ] | 30 Марта 2013, 14:13 |
  «Ботагөз» романы - қазақ халқы өміріндегі төңкерістік ірі кезеңді шебер бейнелеген келелі шығарма. Роман КСРО халықтары тілдерінде және бірқатар шет ел тілдерінде аударылып басылды. Бұл – ең данышпан шығармаларының бірі.   Қазақтың байырғы поэзиясына қарағанда, осы заманғы поэзия түр мен мазмұн көркемдігі жағынан жаңаша өсіп-өркендеді. Әрине, ол жаңалық бірден басталып кеткен жоқ. Бұрынғы дәстүрді бойына сіңіре, бұрынғы бар түрді қолдана отырып, ақындар жаңа заман тынысын көрсетті. Адам мен коғам өмірінің жаңа мазмұнын таныту үшін, ақындар, сонымен бірге, жаңа түр де іздеді. Бұл жолда алғаш соқпақ салушылардың бірі - Сәбит Мұқанов. 20-30 жылдардағы қазақ поэзиясын алып қарасақ, Сәбит Мұқанов көп жаңалықтар енгізген. Күрескер ақын Сәкен Сейфуллин поэзиясы қазақ өлеңін қаншалықты жоғары көтерсе, Сәбит Мұқанов та - көп ізденіп, поэзиясын жаңаша сөйлетуге ұмтылған ақын. Жаңалық тек ұйқас, буын, ырғақ саласында ғана болмай, көбіне ақынның теңеу, метафора, эпитет сияқты шеберлік кесте-өрнектерінен де көрінеді «Колхозды ауыл осындай» атты өлеңінде ақын көрікті даланы, көркем аспан мен көкорай шалғын жерді, онда С. Мұқанов поэзиясында осы ізденумен қатар ғасырлар бойы халық санасына сіңген сөз өрнектерін шебер колдану айқын көрінеді. С. Мұқанов - қазақ поэзиясын жоғары көтерген ақын. Үлкен прозаик болып кейін қалыптасса да, ол поэзиямызға елеулі үлес қосып, айта қаларлықтай өлең үлгілерін қалдырды. Қорытып айтқанда, «Ботагөз» романы — қазақ әдебиетінің қорына енген шығарма. Революция мен онан соңғы біраз дәуірдің шындығы романда сол кездегі әдебиетте беки бастаған социалистік реализм әдісімен талданып суреттелген.   «Ботагөз» романы - тарихи шындыққа суарылып жазылған шығарма. Романдағы басты кейіпкер Ботагөздің тарихи кезеңнің талай қиын- қыстау кезеңдерінен өтіп, саналы күрескер, білікті қайраткер болып қалыптасуы нанымды бейнеленген.   «Ботагөз» романы кезінде қазақ әдебиетінің тарихында сапасы жағынан өскен әдебиеттер талабын көтере алатын, бірден-бір күрделі окиғалы, сақа туынды аталғанын айту жөн. Осы күнге дейін сан рет басылып, оқушысын тауып отырған бұл шығарма бүкіл кеңестік дәуірдегі әдебиет қорының төрінен орын алды, орыс тіліне аударылуы арқылы Кеңес Одағының көптеген халықтарының сүйіп оқитын кітабына айналды. Өйткені роман оқушысын, біріншіден, көркем жазылған, сом соғылған туынды болуымен тартса, екіншіден, онда айтылмақ жайттар көптеген ұлттардың, әсіресе Орта Азия халықтарының барлығының дерлік басынан кешкен қиын - кыстау халдеріне ұқсауымен, яғни патшалық Ресейдің бұрын отарлы ел болып келген халықтарының көкейкесті жайын баяндауымен тартты.   Бұл сәтте айта кететін жәйт қазір романға көзқарастың өзгеруі. КСРО құлағаннан кейін большевиктер партиясының Кеңес өкіметінің романда дәріптелуі артық, қате деп танылып отыр.   Романда қазақ халқының ұлттық сипаттары: дәстүрі, әдет-ғұрпы, мінез-құлқы, қоғамдық, саяси іске араласуы және оны ұғуы, ғылым-білімге, болашаққа ұмтылуы, революцияны түсінуі және оның сонынан адал сенген пейілмен еруі, осы жолда асқан ерлік, батырлық мінездер көрсетуі романда большевиктер партиясы қойған талап тұрғысында көрсетіледі. Оның үстіне қазақ халқының осы романда суреттелетін кезеңдегі хал жайы өз алдына бөлек, томаға-тұйық баяндалмайды, бүкіл Ресей өмірімен, ондағы алуан қырлы, мың сырлы оқиғалармен байланыстырыла айтылады. Өйтпейінше, тарихи шындық сақталмаған болар еді. Жазушы бұл шындықты берік сақтайды. Әсіресе Ресейдегі төңкеріс қозғалыстар мен ағымдар XX ғасырдың бас кезінде Столыпин реакциясы тудырған айдау, қысымдар салдарынан кейін, жаңа өрлеулер тудырған кезеңдер, патшалық Ресейдің Германиямен соғысы, яғни дүние жүзілік бірінші соғысқа араласуы — мұның бәрі алыстағы Қазақсганда елеусіз, яки зардапсыз өтіп жатқан оқиғалар еместі. Жазушы шыншыл суреткерлікпен осындай алуан түрлі оқиғаларды қамтып, олардың құяр арнасын, негізгі желісін тапқан.   «Ботагөз» романы композициялық құрылысы жағынан үлкен үш бөлімнен тұрады. Ботагөз — жоғарыда айтылғандай, шытырман оқиғалы, сом туған, бір бүтін көркем шығарма. Айта қаларлықтай жоғары дәрежеде жазылған романның көркемдігі жайында айтар жайттар көп. Ол: сюжет, композиция, тіл, бейне жүйелері, оқиғалардың ербу, өсу, аяқталу кезеңдері сияқты, кейркерлердің сырт суреті, немесе ішкі мінез-құлқы сияқты мәселелері.   Романның фабуласы, яки сюжеті қиыннан қиыстырылған. Оқиғалардың бірінен-бірі өрбіп-өніп, білгілі бір шегіне жеткен соң, шешімін тауып, заңды аяқталып отыратыны ерекше көңіл аударады. Әуелде болмашы жылғадан басталып, кейін кең арналы дариядай ұлғайып, жағасынан аса тасып барып тынады. Деңгейі (кульминация)— Амантай бастаған кетеріліс Итбайдың өлімі, күреске шыққан қалың қол, жеңіс. Міне, осыған дейінгі оқиғалар әр тараптан өрбіп келе жатады. Онын басты салалары әр кейіпкердің іс-әрекетіне, тағдырына байланысты. Ботагөздің оқуы, есеюі, Асқармен арақатынасы бір арна болып, кейін саналы күреске апарса, Амантай тобы бара-бара көтеріліске, айқасқа ұласады. Итбай мен Кулаков әрекеттері де әуелде ашық айқын білінбегенімен, кейін ашықтан-ашық жаулық сипат алады. Негізгі екі күштің арасалмағы уақыт, мезгілге карай өзгеріп, алмасып отырады да, ақырында қатты шиеленісу, айқасу үстінде әділдік, шындық жеңіп, кара күш, әділетсіздік жеңіліс табады. Оқиғалардың бұлай ойға қонымды, ақылға сыйымды өрбіп аяқталуы жазушының алға койған мақсатының орындалуы, жоспарланған істің бітуі сияқты Шығарманың басынан аяғына дейінгі ұзақ жол, романның құрылысы яғни қаңқасы — оның композициясы болмақ. Бұл жағынан да нық қиюласқан, бір бүтін тұтасқан дүниені көреміз. Мәселен, сюжетте баяндалатын сан алуан оқиғалар бет-бетіне бытырап жуыспай жатса, немесе эволюциялық даму орнына бірден жалаң хабарлау болса, бұл — романның композициялық кемшілігі болар еді. Сюжет белгілі мақсатты жүзге асыратын элемент яғни негізгі мазмұн, құрылыс матерйалы болса, композиция — соны құрастырудың, жолы, әдісі. «Ботагөз» романы құрылысы жағынан да мүлтіксіз шыққан. Әрбір тарау, белім бірін-бірі толықтырып, сюжетін қамтитын оқиғаларды өзара байланыстырып ұстап тұр.   «Бөтагөз» романы - өте әдемі, шын шығарма. Данышпан жазушы Cәбит Мұқанов қазақ әдебиетінің күнімен болды және болады... | |
Просмотров: 37370 | Загрузок: 3936 | Рейтинг: 3.4/26 |
Всего комментариев: 0 | |
Последнее:
[13 Ноября 2023] | |
Шапка спицами |
[07 Июня 2023] | |
Международная онлайн-школа для детей от 5 до 18 лет |
[29 Марта 2023] | |
Кто такой копирайтер, и какую пользу он может принести вашему бизнесу |
[14 Марта 2023] | |
Выбор репетитора |
[14 Февраля 2022] | |
Онлайн-обучение: специфика образовательного формата и его ключевые преимущества |
Категории раздела
Презентации PowerPoint [53] |
Сочинения [28] |
Рефераты [10] |
Сценарии [3] |
Пособия [61] |
Статьи [5] |
Проекты [3] |
Ответы и подсказки [10] |
Программы [3] |
Занимательные игры [2] |
Хронологические таблицы [4] |
Профиль
26 Декабря 2024
21:16
Статистика
|
|