Главная » Файлы » Презентации PowerPoint

Орал қаласы
[ (2.81 Mb) ] 05 Июня 2012, 15:34


Тұсаукесердің құрылымы (Структура презентации):

Қысқаша мәлімет

  Орал – қала (1775 жылдан), Батыс Қазақстан облысының орталығы (1932 жылдан), ірі темір жол станциясы, Жайық бойындағы өзен порты, әуе жолдарының торабы. Қала Батыс Қазақстан Жайық өзенінің жағасында орналасқан. Ол Қазақстанның солтүстік-батыс аймағында орналасқан. Ресей Федерациясының Астрахань, Волгоград, Саратов, Самара, Орынбор облыстарымен және Қазақстанның Атырау, Ақтөбе облыстарымен шектеседі. Әкімі - Оразов Самиғолла Хамзайұлы.

  • Тұрғыны: 250 000 адам

  • Жер аумағы: 700 км2

  • Кәсіпорындар: “Зенит” зауыты, “Омега”“Металлист”, Орал механикалық зауыты, Орал арматура зауыты, Орал полипласт зауыты өндірістік кәсіпорны, “Аяз” ЖШС және республикалық мемлекеттік “Орал мемлекеттік ауыл шаруашылық стансасы” кәсіпорны. Бұлардан басқа облыстық дәрежедегі нан комбинаты, жылу, жарық, газ кәсіпорындары жұмыс істейді.

  • Ғимараттар: Қалада 2 мәдениет үйі, 18 кітапхана, Киров саябағы, 3 мұражай, 2 театр, филармония, көрме залы, 46 мектеп, 3 жоғары оқу орны мен 3 бөлімше бар (2000). Сондай-ақ, 35 қазыналық емдеу мекемесі жұмыс істейді. Оралда Батыс Қазақстан темір жол жүк тасымалының Орал бөлімшесі орналасқан. Қала Жайық бойындағы ірі өзен айлағы саналады. 18 ғасырда салынған сәулет ескерткіштері сақталған.

  • Бүгінгі күні Орал қаласы – Қазақстандағы ірі мәдени-эконономикалық орталықтардың бірі.


Қаланың тарихы
  Орал қаласының орнында бұдан бірнеше мың жыл бұрын скиф, ғұн, авар, печенег  және қыпшақ тайпаларының мекен-тұрақтары болған. Бұл тайпалардың көсемдері мен жауынгерлері жерленген шағын қорымдар мен қорғандар қазір де кездеседі.

  1613 ж. қазіргі Орал қаласының орнына көшірілді. 18 ғасырдың бас кезінде Жайық қалашығында 3 мыңға жуық үй болды. Олар негізінен Старица (Жайықтың бұрынғы арнасы) және Шаған өзендерінің бойына орналасты. Қаланың негізгі тұрғындары – казак-орыстар болған.

  Қала бірнеше рет (1739, 1751, 1821, 1879) өртке ұшырады. Сырым Датұлы бастаған (1783 – 1797) халық көтерілісі, Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстары Орал қаласы мен Жайық өңіріне ерекше із қалдырды. 1846 ж. қалаға айрықша құқықтар беріліп, үлкен қалалар санатына қосылды. 1869 ж. Орал облысы құрылып, қала облыс орталығына айналды.

  Қаланың бұрынғы аты: Яик.

Орал қаласында болған ғалымдар
  Бұл қалада әр кездері орыстың белгілі ақын-жазушылары А.С. Пушкин, В.А. Жуковский, В.И. Даль, В.Г. Короленко, М.А. Шолохов, т.б. болды. Сондай-ақ, көрнекті қазақ қаламгерлері С.Сейфуллин, Х.Есенжанов, Т.Жароков, І.Аманжолов, т.б. өмірінің біраз кезеңдерін Орал қаласында өткізген.

Бауырлас қалалары: Атырау, Плоешти, Дондағы Ростов.

СҰРАҚТАР

  1. Орал қаласы қай жерде орналасқан?

  2. Қала немен шектеседі?

  3. Қалада қанша адам тұрады?

  4. Орал қаласы Батыс Қазақстан облысының орталығымен нешінші жылдан есептеледі?

  5. Онда қандай кәсіпорындар бар?

  6. Орал қаласы қай жылда негіздеді?

  7. Қаланың бұрынғы аты қандай?

  8. Бұрында Орал қаласының ауданында қандай тайпалар өмір сүрді?

  9. Оралдың әкімі кім?

  10. Оралда қандай көрнекті ғалымдар болған?

  11. Орал қаласында қандай назар аударарлық орындары бар?

  12. Батыс Қазақстан облысында қандай көтерілістер болды?

  13. Оралдың бауырлас қалаларын атыңыздар.

  14. Қазіргі Орал қандай?


Қолданбалы әдебиет

  • Wikepedia.org

  • Uralsk.info

  • Volnakz.com

  • Batys.stat.kz

  • Құрастырушы: HomeWork.ucoz.kZ


Категория: Презентации PowerPoint | Добавил: Admin | Теги: тұсаукесер, презентация, Орал қаласы, география, қазақша, город, казахстан, Уральск, реферат, Казахский язык
Просмотров: 8696 | Загрузок: 2982 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 5.0/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Профиль
Суббота
28 Декабря 2024
09:31


Статистика