Главная » Файлы » Хронологические таблицы » Личности

Ахмет Байтұрсынұлы (1872-1937) | Хронологиялық кесте
19 Декабря 2012, 23:20


Жыл
Оқиға
1872 5 қыркүйекте қазіргі Қостанай облысының Торғай өңірі Сарытүбек ауылында туған.
1882—1884 ауыл мектебінде оқыды.
1890 Торғайдағы екі кластық, орыс-қазақ училищесін бітірген.
1895 Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітірген.
1895—1909 Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі мектептер мен орыс-қазақ училищелерінде мұғалімдік қызмет атқарады.
1909 патша үкіметінің саясатына наразылық білдіргені үшін Семей түрмесіне жабылып;
1910 жер аударылды.
1912 Оқу құралы. Қазақша алифбасы Орынборда жарық көреді.
1913 Орынборда «Қазақ» газетін ұйымдастырып, 1917 жылдың аяғына дейін оның редакторы болды. Патша үкіметі құлатылғаннан кейін ұлт-азаттық қозғалыс күшейеді.
1918-1919 Алаш Орда қатарында болады. Қазақ өлкесін басқаратын Әскери-революциялық комитеттің мүшелігіне тағайындалады.
1922-1925 Қазақстан Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылыми-әдеби комиссияның төрағасы, Халық ағарту комиссары, Бүкілресейлік ОАК-ның, ҚР ОАК-нің мүшесі, Түркістан Компартиясы ОК-нің органы «Ақ жол» газетінде қызметкер.
1925-1929 Қазақ халық ағарту институтында (Ташкент) және ҚазПИ-де оқытушы болды.
1929 маусымында қамауға алынып өзі Архангельск облысына жер аударылған, ал жұбайы мен қызы Томскіге жіберілген.
1934 Қызыл Крест комиссиясында қызмет еткен Е. Пешкованың (Максим Горькийдің зайыбы) қолдаухатымен Ахмет Байтұрсынұлы босатылған. Сол кезде ол жұбайы Бадрисафамен бірге Алматыға қайта оралған.
1937 тамыз айында Ахмет Байтұрсынұлы тағы да қамауға алынған, алты айдан соң, желтоқсанның 8 «халық жауы» есебінде атылған.


Категория: Личности | Добавил: Admin | Теги: Алаш, Ахмет Байтурсынов, қазақша, қазақ әдебиет, Ахмет Байтұрсынов
Просмотров: 25543 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 4.0/26
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Категории раздела
Профиль
Пятница
27 Декабря 2024
02:20


Статистика